Бүгін Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты қазақстандықтардың денсаулығын сақтауда әріптестерін қолдап, күш біріктіруге шақырды.
«Бүгін барлық қазақстандық қоғам күрделі кезеңді бастан өткізіп отыр. Инфекцияның таралып кетуіне жол бермеу үшін өз бастарын қатерге тігіп, профилактикалық жұмыспен айналысып жатқан, оқшауланған адамдарды тікелей бақылап, коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерге медициналық көмек көрсетіп, өз жұмыс орындарында тәулік бойы жұмыс істеп жатқанәріптестерімізге оңай болып жатқан жоқ.
Біз әріптестерімізді қолдап және олармен бірге екендігімізді айтқымыз келеді. Осы сырқатпен күресуде кез келген сәтте көмек беруге дайын екендігімізді білдіреміз.
Дәрігердің миссиясы барлық адами қасиеттерді: өзін-өзі құрбан етуді, жан тәнімен беріліп жұмыс істеуді, адамдарға ерекше көңіл бөлуді, мейірімділікті талап етеді.
Халқымыз медицина қызметкерінің кәсібі ең күрделі қызмет екендігін түсіне отырып, оларға құрметпен қарайды. Басқаадамның өміріне жауапкершілік алып, өз өмірін медицинаға арнаған медицина қызметкерлерібүгін де өздерінің азаматтық және кәсіби міндетін абыроймен атқаруда.
Тіпті кішкентай қазақстандықтар еліміздің бас дәрігері Елжан Біртановқа хат жазып, адам денсаулығының қамын ойлауды сұрады. Раида атты қыз бала анасының ауруханада дәрігер болып жұмыс істейтіндігін, еліміздің аумағында енгізілген төтенше жағдайлардың салдарынан туған күнінде оның өміріндегі ең басты адам – анасының жанында болмағандығы туралы жазды. Раида анасының халық денсаулығы үшін маңызды жұмыспен айналысып жүргендігін түсінеді, алайда анасын үйде қашан көретіндігін білмейді және ол үшін алаңдайды.
Ол Елжан Амантайұлына Қазақстанда осы індеттің таралып кетпеуіне жол берілмесе екен, сонда ол үшін үлкен сыйлық болар еді дейді.
Біз эпидемияның тоқталатындығына сенеміз. Ол үшін ауызбіршілік білдіріп, медициналық ұйымдар қызметін республикалық, қалалық және т.б. деп бөлмей, қазақстандықтардың денсаулығы үшін барлық күшімізді салуымыз керек.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ еліміздің барлық өңірлерінен кардиологиялық, кардиохирургиялық, терапевтік, эндокринологиялық, пульмонологиялық, ревматологиялық, аллергологиялық, гастроэнтерологиялық, гематологиялық аурулармен келетін пациенттерге жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді. Алматыда ағымдағы жылғы 19 наурызда карантин жарияланып және қаланың бірқатар медициналық ұйымдары провизорлық емдеуге жатқызу орны ретінде белгіленгенін ескере отырып, біздің институт қызмет көрсету бейіні бойынша алматылықтарды қабылдауға және емдеуге дайын.
Біз өзіміздің кәсіби дайындығымызды көрсетіп және барлық күшімізді сала отырып, осы қиын жағдайды еңсеретінімзге сенеміз. Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз! Адам өміріне баға жетпейді.
Біз біргеміз!», дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының ұжымы.