• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Наурыз, 2020

Қытайда вирус жұқтырғандар саны азаюда

568 рет
көрсетілді

Індет белең алғалы бері Қытайда барлығы 81202 адам вирустың нақ осы түрін жұқтырып, олардың 71150-і емделіп үлгеріпті. 6569-ы әлі де ем қабылдап жатса (2136 адам аса ауыр жағдайда), өмірден озғандар саны 3248-ге жетіп отыр. Алайда өткен тәулікте Қытайда бірде-бір азамат COVID-19 індетін жұқтырмады. Тіркелген 39 оқиға – өзге мемлекеттерден келген адамдардан анықталғаны белгілі болды.

Яғни Пекинде – 6, Гуандун провинциясында – 14, Шанхайда – 8, Фуцзянь провинциясында – 3, Хэйлунцзян, Ляонин, Чжэцзян, Шаньдун, Сычуань, Ганьсу провинциялары мен Тяньцзинь қаласында, Гуанси-Чжуан автономды аймағында бір-бір оқиға орын алыпты. Шет мемлекеттерден келіп, қанында вирус анықталған азаматтардың жалпы саны бүгінде 228-ге жетті.

Эпидемия ошағына айналған Хубэй провинциясы мен Уханьда бір тәулік ішінде барлығы 703 адам емделіп, екі адамның өмірден озғаны айтылуда. Оның екеуі де Уханьда орын алды. Үшінші адамның өлімі Ляонин провинциясында тіркелді.

COVID-19 етек жайғалы бері Хубэй провинциясында барлығы 67800 адам ауру жұқтырыпты. Соның 50000-нан астамы Ухань тұрғындарына қатысты болып отыр. Алайда 58381 адамға ем қонып, дертінен айықса, 3132 адам (Уханда 2498 адам) ажал құрығына ілінді. Бүгінде аталған провинцияда шамамен 6287 адам дертпен күресуде. Олардың 2098-і ауыр жағдайда.

Бір ғана Гонконгтің өзінде вирус жұқтырғандар саны 208-ді алқымдады. Соның ішінде 98 адам айыққаны айтылса, 4 адам өмірден озған көрінеді. Ал Макаода індетке шалдыққандар саны 17-ге жетті. Олардың 10-ы емделді деген мәлімет бар. Тайваньда 108 адамның бойынан вирус табылып, 1 адам көз жұмды. 26 адам емделді.