Алматыда қаласында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың отырысында 19 наурызда COVID-2019 ошақтарында ішкі карантин енгізу туралы шешім қабылданған еді.
Биылғы 20 наурыздағы эпидемологиялық жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырған 22 жағдай тіркелді. Барлығы зертханалық түрде расталды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша COVID-2019-дың 10 ошағы анықталды. Бұл 2 жекеменшік үй мен 8 көппәтерлі тұрғынүй:
Алтай шағынауданы- 1, 8; Жасқанат шағынауданы, 86; Еңлікгүл, 34 А; Зенков, 59; Достық, 162; Гоголь, 75; Сары-ой, 234; Жароков, 16; Желтоқсан, 125; Байтұрсынов, 78/1.Барлық індет ошақтарында эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүріп жатыр.
Бүгін қаланың провизорлық госпиталінде 696, үй карантинінде – 1108 адам бар.
АЛМАТЫ