• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда қосымша 2 стационар уақытша жабдықталады

191 рет
көрсетілді

Елордада тағы екі қонақүйде уақытша стационар жабдықталуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.

«Коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуын ескерту мақсатында эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 1051 төсектік стационар орналастырылды. Ауруханаларда 44 реанимациялық төсек пен 173 жасанды тыныс алдыру аппараты бар», - деді басқарма басшысы қала әкімдігінде өткен онлайн-брифингте.

Сәуле Қисықованың сөзінше, «Рамада Плаза» қонақүй кешенінде (800 орынға арналған) жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Бүгін кереует (500 дана) пен төсек-орын жеткізіледі. Сондай-ақ «Турист» және «Алау» қонақүйлерімен келісімшарт жасау жұмыстары басталды», - деді С. Қисықова.

Бұған дейін Сәуле Қисықова 20 наурыз күні коронавирус инфекциясы анықталған 3 науқастың жай-күйін айтып берді. Төрт айлық нәрестесі бар отбасы 19 наурызда Париж-Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен түсіріліп, ауруханаға жеткізілген.