Отандық бағдарламашылар індет жұқтырғандарды жылдам анықтайтын Covid19 live.kz сервисін әзірледі. Бұл сервис коронавирустың таралуына мониторинг жүргізіп, тез анықтауға септеседі.
Кросс платформалы VLIFE жобасын бағдарламашылар Алматы әкімдігінің, «Медикер Алатау» медициналық компаниясының қолдауымен құрып және халыққа тегін пайдалануға беріледі.
Covid19live.kz Қазақстанда коронавирустың таралуын нақты уақыт режимінде бақылауға, ал ең бастысы – жұқтыру немесе жұқтырғандармен байланыс туралы хабарлауға мүмкіндік береді.
Бұл қызметті кез келген пайдаланушы қазақ және орыс тілдерінде қолдана алады. Екі күн ішінде қолжетімді болатын қызмет түрін Android және iOS бағдарламаларынан жүктеп алуға болады. Төмендегі мекен-жай бойынша covid19live.kz қызметінің веб-нұсқасы қол жетімді.
Бөлімдер Covid19live.kz:
– Қазақстан бойынша коронавирусты таратудың онлайн-картасы;
– вирус, оны беру және қорғау тәсілдері туралы өзекті жаңалықтар мен маңызды ақпарат;
– жедел орталықтардың байланыстары мен ауруханалардың мекен-жайларымен бірыңғай терезе сыңды мүмкіндіктерді ұсынады.
Сондай-ақ халықпен кері байланыс үшін екі маңызды функцияны қамтиды:
«Мен жұқтырдым»: COVID-19 табылған пайдаланушы байланыста болған және жұқтыруы ықтимал адамдарды, сондай-ақ жұқтырған бола отырып, келген орындарды атап өте алады; «Мен жұқтырғандармен байланыста болдым»: егер жұқтырғандармен бірдей рейспен ұшып келсе немесе оның қарым-қатынас шеңберінен біреу жұқтырғанына сенімді болса, пайдаланушы пікір қалдыра алады .Айта кету керек, осы функциялардың көмегімен алынған мәліметтер көпшіліктен құпия сақталады. Тек қана денсаулық сақтау органдарының қызметкерлеріне ғана қолжетімді.
Алынған ақпаратты пайдалана отырып, мамандар коронавирус жұқтыруы мүмкін адамдарды жылдам сәйкестендіре алады. Сонымен қатар картада жұқтыру ошағын белгілей алады. Осы арқылы адамдарды вирус болуы мүмкін орындарда болдырмау мүмкіндігіне ие болмақ.
Әзірлеушілердің айтуынша, сервистің басты мақсаты коронавирус туралы жедел хабар беру және вирустың таралуын тежеу.
Қосымшаны жасаушылар барлық қолданушыны әлеуметтік жауапкершілікке шақырады және сервисті COVID-19 тарату мониторингі үшін ғана емес, сонымен қатар құзыретті органдарды уақтылы хабардар ету үшін де белсенді пайдалануды сұрайды.
АЛМАТЫ