Түркияның танымал опера әншісі Айбен Эрсой Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады.
Наурыз мерекесінің қарсаңында түріктің танымал әншісі Айбен Эрсой Абайдың әнін шырқап, барша қазақстандықтарға сәлем жолдады. Әнге арнайы бейнебаян да түсірген.
Айта кету керек, Айбен Эрсой Юнус Әміре атындағы түрік мәдени орталығында қызмет еткен, елордада төрт жыл тұрған.