• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Наурыз, 2020

Ангела Меркель карантинде жатыр

363 рет
көрсетілді

Германия канцлері Ангела Меркельге екпе жасаған дәрігерден коронавирус инфекциясы анықталды. Канцлер осы себепті үй карантиніне жатқызылды. Бұл туралы канцлердің ресми өкілі Штеффен Зайберт мәлімдеді.

«Канцлерге екпе салған дәрігерден коронавирус инфекциясы анықталғандықтан Ангела Меркель үй карантинінде болу туралы шешім қабылдады», деді Штеффен Зайберт.

Оның айтуынша, індет жұқтырған дәрігер канцлерге пневмококк инфекциясына қарсы екпе жасаған. Енді Меркель өз қызметін үйде отырып атқаратын болады.