• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Наурыз, 2020

Облыстар шекарасына блокпост қойылды

526 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Ақтөбе және Атырау облыстарымен шекарасына санитарлық блокпост қойылып, полиция мен санэпид қызмет мамандары кезекшілік етуге кірісті.

«Коронавирус бойынша әлемдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды және Қазақстан Республикасында тіркелген оқиғаларды ескере отырып, коронавирус инфекциясының Батыс Қазақстан облысы аумағына енуі мен таралуының алдын алу мақсатында Ақтөбе және Атырау облыстарымен шекараларда санитариялық блокпостар қойылды» деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық Батыс Қазақстан облысының сапаны бақылау мен тауарлар қауіпсіздігі департаментінің баспасөз хатшысы Әдемі Ғибратқызы.

Санитарлық блокпосттар Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы мен Ақтөбе облысының шекарасында, сондай-ақ Ақжайық ауданы мен Атырау облысының шекарасында қойылған. Санитарлық бекеттерде полиция және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік етіп, ары-бері өткен жолаушыларға сауалнама жүргізеді.

Бір күн ішінде Ақжайық блокпостында 321 азаматқа, Шыңғырлау блокпостында 1058 азаматқа сауалнама жүргізілген.

«Блокпосттан өткен азаматтардың ешбірі денсаулық жағдайына шағым айтқан жоқ, жұмыс жалғасуда» дейді арнайы таратылған хабарламада.

 

Батыс Қазақстан