2020 жылдың 24 шілде мен 9 тамыз аралығына жоспарланған Токиодағы жазғы Олимпия ойындары бір жылға, яғни 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті мәлімдеді.
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, аталған шешім бүгін, 24 наурызда қабылданған. Коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты Жапония премьер-министрі Синдзо Aбэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томaс Бах бірлесе осындай шешімге келді.
Болжам бойынша, Олимпия ойындары келесі жылдың жаз мезгіліне дейін ұйымдастырылады.