Қазіргі күндері Алматыда залалсыздандыру жұмыстары тынбай жүріп жатқанына қарамастан, тұрғылықты жерлеріне байланысты шағым түсіріп жатқан тұрғындар қатары табылып отыр. Сондықтан да Алматы әкімдігі подъездер мен аулаларды дезинфекциялау жұмыстарын күшейтті.
Қалада карантин жарияланған күннен бастап дезинфекциялау жұмыстары, заңдылықтарға сәйкес, ПИК пен басқарушы компаниялар тарапынан жасалған болатын. Қалада коронавирус инфекциясының кеңінен таралып келе жатқандығын ескеріп, сондай-ақ, тұрғындардың өтінішіне орай, 25 наурыздан бастап бұл жұмыстарды қалалық әкімдік атқаратын болды.
Мұндай шешімді төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штаб қабылдады. Енді қаладағы 4 мыңнан астам аула мен 24 мың подъезге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі. Дезинфекциялау жұмыстарын арнайы компания аптасына екі рет бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп отырады.
Осы орайда айта кету керек, бір күн ішінде қаланы түгел қамту мүмкін болмайтындықтан, қала аумағы үш бөлікке бөлінген.
Подъездердегі тұтқаларды, кірберістерді жуып тазалау ПИК тарапынан жасалады.