Дзюдо. Кеше Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында дзюдодан кезекті әлем чемпионаты басталды. Оған 124 елдің өкілдері қатысуда.
Біздің елімізден бұл сынға ерлер арасында Асхат Тельманов, Елдос Ісметов (60 кг), Азамат Мұқанов, Сергей Лим (66 кг), Дастан Үкібаев (73 кг), Дәулетхан Жақыпов (81кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Максим Раков (100 кг-ге дейін), Ержан Шынкеев (100 кг-ден жоғары), әйелдер арасында Айгүл Байқұлова, Александра Подрядова (48 кг), Ленария Менғазова (52 кг), Анар Сейтімова (78 кг-ге дейін), Гүлжан Исанова (78 кг-ден жоғары) күш сынасады.

Футбол. Жексенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының 24-тур ойындары өтті. «Астана» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. «Шахтер» мен «Ертіс» 1:1, ал «Ақжайық» пен «Восток» 2:2 есептерімен тең ойнады. «Тараз» сырт алаңда «Жетісуды» 2:0 есебімен ұтты. Қостанайдың «Тобыл» командасы «Атыраудан» 3:1 есебімен басым түсті.
Күрес. Сербияда өтіп жатқан кадеттер (жастар) арасындағы әлем чемпионатында екі бірдей балуанымыз алтын медаль алды. Әйелдер күресінен 43 килода сынға түскен Эльвира Әбілқайырова мен 40 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Светлана Анкичева әлем чемпионы атанды. Эльвира финалда болгар қызы Миглен Салишкадан, Светлана америкалық Регина Доидан басым түсті. Сонымен бірге, 56 килода Мәдина Бақбергенова мен оның 65 килодағы тәтесі Жәмила Бақбергенова қола жүлдеге ие болды. Осының алдында грек-рим күресінен Темірлан Шадукаев үшінші орын алған болатын.
Волейбол. Кеше Алматыда ерлер арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жолындағы халықаралық турнир басталды. 31 тамызға дейін өтетін турнирге әлемнің 8 елінің командасы қатысады. Соның ішінде бесеуі ұлттық құрамалар болса, екеуі жастар құрамасы да, біреуі – біздің елдің екінші құрамасы. Олар екі топқа тең бөлінген.
«Егемен-ақпарат».