Алматы қаласында карантин жарияланған сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзудың 99 фактісі анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев мәлімдеді.
Қазіргі кезде осы факті бойынша ұсталған тұқлғалар ҚР ӘҚБК 476 бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Оның ішінде 55 адам қамауға алынып, 43 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 1 тұлғаға ескерту берілді», – деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.
Заңды тұлғаларға келетін болсақ, 10 кәсіпкерлік нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мысалы, «ARAI Cash» ЖШС директоры С. Н.Абубакир және «Восход» сауда үйінің басшысы қызметке рұқсат бергені және т. б. үшін 5 тәулікке қамауға алынған. Сонымен бірге «Мечта маркет» ЖШС директоры Т.Алимов 10 тәулікке қамалыпты.
– Егер кәсіпкер карантин режимін бірінші рет бұзатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал егер ол нысан тағы да әрі қарай жұмысын жалғастыра беретін болса, онда әкімшілік қамауға алынады. Сондай-ақ, ол нысанда адамдар вирус жұқтыратын болса, онда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай жағдайда 2000 АЕК айыппұл салынып немесе 10 жылға бас бостандығынан айырылады, – деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.
АЛМАТЫ