• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Наурыз, 2020

Жалған ақпарат таратқан көкшетаулық азамат жауапқа тартылады

184 рет
көрсетілді

Жалған сөздің жарға жығатынын жалпақ жұрттың бәрі біледі деп ойласаңыз қателесесіз. Білмейтіндер де бар екен.

Білмейтіннің бірі 56 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны. Ол мереке күндері танысының үйіне мейман болып барған. Дастархан басындағы әңгімеде Оңтүстік Кореядан ұшып келген қазақстандықтардың облыс орталығындағы емдеу мекемелеріне орналастырылғанын естиді. Әлгі ақпараттың қаншалықты шындық екеніне көз жеткізбестен, сәл бояуын қоюлатып, аудио жазба арқылы WhatsApp арқылы таратып жіберген.

Енді міне басы пәлеге қалып, заң алдында жауап бермек. Жалғыз өзі ғана емес, осы оқиғаға байланысты үш заң бұзушының үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 274 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

 

Көкшетау қаласы