Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, Минск-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақпен ұшып келген көкшетаулық міндетті түрде карантинге жату талабынан бас тартып, бірден Көкшетаудағы үйіне келген екен. Жолаушыны медициналық тексерістен өткізу үшін оның пәтеріне медицина қызметкерлері іле жеткен. Алайда, жолаушы оларға есігін ашпай қойыпты. Амал жоқ, қалалық полиция басқармасына хабарлап, тәртіп сақшылары есігін бұзып кіріп, әлгі адамды емдеу мекемесіне күшпен жеткізген.
Бұл арадағы біз айтар бір уәж, кім де болса алдымен елдің жайын ойлау керектігі. Жолаушыдан қажетті сынама алынып, зертханаға жіберілді. Өкініштісі, елге қауіп төндіріп тұрғандығын ұқпағандығы. Осы оқиғаға байланысты санитарлық ережені немесе гигиеналық талаптарды бұзғандығы үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қалай болған күнде де қарақан басының емес, халықтың жайын ойлаған жөн.
Көкшетау қаласы