• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2020

Әкімшілік айыппұлдар уақытша тоқтатылды

802 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігі Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік қызмет бойынша әкімшілік айыппұлдардың тоқтатылғанын хабарлауда.

Бұл шара әскерге шақырылушыларға куәліктерді немесе шақыру учаскелеріне тіркеу туралы олардың көшірме нұсқаларын беру, сондай-ақ запастағы офицерлерге, сержанттарға және сарбаздарға (әскери билеттің орнына уақытша) куәліктердің көшірме нұсқаларын беру, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу және есептен шығару бойынша мемлекеттік қызметтерге жүргізіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі әлеуметтік тұрақтылықты және азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыруға байланысты мемлекеттік қызметтер бойынша айыппұлдарды тоқтата тұру төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы барысында қабылданып, жүзеге асыруға бағытталған.