ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда имамдарымен бірге «Biz_birgemiz» атты қайырымдылық керуеніне қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осынау қиын сәтте елге қайырымдылық бағытта үлес қосайық деген Үндеуіне Әзірет Сұлтан мешіті мен Астана жастары еріктілер тобы да үн қосты.
Қайырымды шараны батамен ашқан Бас мүфти сын сағатта көпшілікті үлгі болуға шақырып, еріктілердің еңбегіне ризашылығын білдірді. Осылайша Наурызбай қажы Тағанұлы өзі бастап, бөлінген азық-түлікті мұқтаж отбасыларға табыстады. Өз кезегінде қажетті азық-түлікке қол жеткізген жандар да алғысын жаудырып жатты.