Коронавирустың таралуына байланысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі болып отыр. Бұл туралы әкім осы сәттердегі онлайн-брифингте айта келе, карантин режимін күшейту үшін қосымша шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
«Қауіпті бағаламау – жауапсыздық әрі заң бұзғанмен тең.Біз вирус жұқтырғандарды анықтау, оқшаулау және қауіпті індеттің таралуын болдырмау үшін шұғыл түрде барлық қажетті шараларды қолданып жатырмыз.Бұл жұмыста бізге сіздердің қолдау көрсеткендеріңіз аса маңызды.Бұл шаралардың барлығы қоғамның қауіпсіздігін,денсаулығы мен болашағын қамтамасыз ету үшін қолға алынып жатыр.Бұл күндері әрқайсымыз ортақ мақсат жолында жеке де, ұжымдасып та азаматтық белсенділігіміз бен жоғары жауапкершілігімізді көрсете білгеніміз абзал.Біз жеке гигиена шараларын сақтау мен оқшаулану арқылы коронавирус инфекциясының таралуын тежей аламыз.Біз осынау күрделі жағдайдан тек бәріміз бірге күш жұмылдырып қана абыроймен шыға аламыз» деді ол.