• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы «Қалаулым», «Қалауым сен» бағдарламаларына қатысты тапсырма берді

16764 рет
көрсетілді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан халқымыздың менталитетіне сай келмейтін, қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық болмысымызға қайшы, шығыстық қалпымызға сәйкес емес «Қалаулым», «Қалауым сен» атты бағдарламаларға қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кетті. Азаматтар әлеуметтік желілерде қол жинап, бағдарламалардың жабылуын талап етіп, БАҚ беттерінде түрлі сыни мақалалар жарияланып жатыр.

Мемлекет басшысы аталған бағдарламаларға қатысты қоғамның ұстанымын біледі. Соған сәйкес тапсырма берілді. Халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірмей тиісті шешім шығарылады» деп жазды Берік Уәли.