• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Наурыз, 2020

Алматыда 1500 полиция мен әскери қызметкер күзетті күшейтеді

275 рет
көрсетілді

Алматы қаласында карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің орындалуын бақылау үшін 28 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап полиция Департаменті, әскери полиция, сондай-ақ Ұлттық ұлан қызметкерлерімен қала көшелерін күзетуді күшейтеді. Сондай-ақ, патрульдік полиция Полкі мен Мамандандырылған батальонның жеке құрамының көмегімен екі ауысымдық авто патрульдеу түрінде көшелерді күзету енгізілді.

«Жаяу патрульдеу бағыттары мен патрульдік полиция бригадасы қайта қаралып, топтастырылды.  Қызмет көрсету механизмі жаңартылды.  Жұмысқа тартылған қызметкерлер енгізілген шектеулерге сәйкес халық арасында түсіндіру жұмыстарын дамытуға баса назар аударады.

Төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзған жағдайда, құқық бұзушыға қатысты қылмысының ауырлығына байланысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады. Бұл шаралар ең алдымен қалада короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін бағытталған», - деп хабарлады, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, полиция, өзіміз бен жақындарымыз үшін ортақ жауапкершілікті күшейте түсуге шақырды.  Үйден тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық мекемелерге бару керек кезде ғана шығу ұсынылады.