• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Наурыз, 2020

Франция: Dior, Guerlain, Givenchy енді бетперде тігуге көшті

314 рет
көрсетілді

Ақпан айының ортасынан бастап Францияда  пандемия өрши бастағанда LVMN холдингіне қарасты Dior, Guerlain, Givenchy сынды әйгілі компаниялар әтір орнына антибактериалды гель шығара бастағаны туралы хабарлаған едік. Бұл туралы Франциядағы қазақтар қауымдастығының (АКФ) президенті Берлин Иришев өзінің әлеуметтік парақшасында жазған-ды.

Індет белең ала бастағанда LVMN холдингі елдегі бүкіл медициналық мекемелерді қамтамасыз ету үшін жаппай антибактериалды гель жасауға көшкен-ді. Бұл бастамаға LVMN құрамындағы Dior, Guerlain, Givenchy сынды әлемге әйгілі компаниялар да қосылды.

LVMN тек ақпан айында 14 миллиард еуро шығынға батқанына қарамастан, осындай шешім қабылдады. Бұрын-соңды холдинг тарихында болмаған осынау орасан шығын оның президенті Бернард Арноға өз халқының қамы үшін осындай қадамға баруға кедергі жасаған жоқ.

«Енді люкс брендті компаниялар өзінің қытайлық құрылымдарының арқасында бетперде тігуге көшті. Осы сейсенбі күні екі ұшақ он миллиондай бетпердені Еуропаға жеткізді. Ендігі жерде Францияға апта сайын 10 миллиондай бетперде жеткізіліп отырмақ. Осындай түкке тұрғысыз бұйымдар аса қат болған кезде, ақша ешқандай рөл атқармай қалатынына көзіміз жетті», дейді Берлин Иришев.

 

АЛМАТЫ