Халықаралық гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан Портимао (Португалия) және Мәскеу (Ресей) қалаларында өтетін турнирлерді кейінге шегерді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Әлемдік ұйым коронавирустың кеңінен таралуына байланысты осындай қадамға барып отыр. Аталған екі турнир 2020 жылдың мамыры мен шілдесінде өтуі тиіс болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін көркем гимнастикадан Италия, Болгария, Өзбекстан және Әзірбайжандағы әлем кубогі кезеңдері тоқтатылды.