• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Наурыз, 2020

Австралияда коронавирус жұқтыру қарқыны төмендеген - Денсаулық сақтау министрлігі

339 рет
көрсетілді

Австралияның Денсаулық сақтау министрі Грег Хант елде жұқтырғандар санының өсу қарқынының төмендеуінің алғашқы белгілері тіркелгенін хабарлады. Бұл туралы ведомство басшысы жексенбі күні Канберрада өткен брифингте мәлімдеген.

Хант өткен аптаның ішінде сырқаттанғандар санының өсу қарқыны күніне 25-30% - ға жуық болса,  өткен тәулікте 13-15% - ға дейін төмендегенін атап өтті.

«Бұл біз күткеннен де ертерек белгілі болған оң нәтиже, бірақ бізде адамдарды оқшаулау және әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар көп», - деді Хант.

Сондай-ақ ол федералды үкіметтің соңғы екі аптада қабылдаған қатаң шектеу шаралары нәтижесінде елдің ірі қалаларындағы қозғалыс 80% - ға қысқарғанын, ал оқушылардың шамамен 75% - ы оқу орындарына баруды тоқтатқанын айтты.

Премьер-министр Скотт Моррисон  қазіргі уақытта Австралияда 3 809 ауру жағдайы тіркелген деп мәлімдеді. «Вирус жұқтырғандардың 2 562-сі  шетелден келген адамдар», - деді үкімет басшысы.

COVID-19 жұқтырудың алғашқы оқиғасы Австралияда 25 қаңтар күні анықталды. Бүгінгі күні вирусты жұқтырған 16 науқас қайтыс болды, ал 242 адам сауығып кетті. Ауру жұқтырғандардың көпшілігі  Сидней қаласында тіркелген, онда дәрігерлер 1 617 адамның диагнозын растады.

Австралияда қоғамдық тамақтанатын орындар мен ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, сұлулық салондары мен спорт залдары, сондай-ақ мұражайлар мен басқа да баратын мәдени орталықтар жабылды. Азаматтарды үйден жиі шықпай, 1,5 метр қашықтықты сақтауға шақырды. Ел азаматтарына шетелдік саяхаттарға шығуға тыйым салынады.