• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тарих 30 Наурыз, 2020

Тарихта қалған індеттер

2017 рет
көрсетілді

Әуелі Қытай мен Орталық Азияда басталып 1347 - 1351 жылдары арасында Еуропаны қынадай қырған қара өлім - оба індеті 200 миллион адамның жанын алды. Бұл үрейлі індетпен бірге Еуропаның көптеген құндылықтары өзгерді.

Осындай оба індеттері 1700 жылдарға дейін жалғасты. Олардың арасынан 1629-1631 ж. Италия обасы, 1665-1666 ж. Лондон обасы, 1679 жылғы Вена обасы, 1720-1722 ж. Марсель обасы және 1771 жылғы Мәскеу обасын атап айтуға болады.

Мұндай оба аурулары Орталық Азияда да аз болмаған. Қазір әлеужеліде кең тараған Ибн Сина туралы фильмнен де мұны айқын аңғаруға болады. Біздегі көптеген қалалардың қаңырап, бос қалуының бір себебі - осындай індеттер болса керек. Соның салдарынан Құдайдың қаһары келді деп жаман ырымға балаған халық қалаларды тастап көшіп отырған. Өкінішке қарай бұл тақырып бізде көп зерттелмеген.

Еуропада оба індеті етек алғанда олар надандықты тастап, шығысқа бет бұрып, Ибн Синаны оқи бастаған. Соның арқасында оларда медицина дамыды. Ал Ұлықбек сынды ғұлама басшыларын өлтірген шығыста керісінше надандық жайлап,қараңғылықтың құшағында қала берді.

Енді мына індеттен қорытынды шығарып, елімізде ғылымды дамытуға, соның ішінде медицина саласын өрістетуге мүмкіндік туады деп үміттенеміз.