Қазақстанның Ұлттық коллекторлар палатасы барлық коллекторлық агенттіктерді төтенше жағдай режімінің іс-қимылдары мен карантиндік іс-шаралар кезеңінде бірқатар уақыттық шектеулерге қосылуды әрі ұстануды ұсынды.
Бұл жөнінде Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев мәлімдеді.
Ұлттық коллекторлар палатасы қызметкерлерді төтенше жағдай аяқталғанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша қашықтан жұмыс істеуге көшіруді ұсынды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы бойынша қарыз алушылармен жеке кездесулерге, қарыз алушылармен байланысты толығымен тоқтатуға, карантинге жабылған тұрғын үй кешендерінде, үйлерде орналасқан борышкерлермен өзара іс-қимылдың барлық түрлерін тоқтата тұруға шақырды.
Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша сағат 16.00-ден кейін қарыз алушыларға қоңырау шалу тоқтатылсын. Несие берушілердің қарыз алушыларға сотқа талап-арыз беруі үшін материалдар дайындауды тоқтатсын, – дейді коллекторлар палатасының қызметкерлері.
Өз кезегінде, Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Коллекторлық агенттіктер үшін байланыс ақпараты: +701-887-74-01; Қарыз алушылар шағымдар мен өтініштерін: +7 700-183-83-03 нөмірі бойынша немесе info@collectors.kz сайты бойынша бере алады.