Қосымша білім әрқашан өзінің маңыздылығын жойған жоқ. Әлемдегі көптеген танымал тұлғалар өзінің қосымша ізденуі, білім алуы арқылы не нәрсеге талантты екенін тапқан және жетілдірген.
Осы орайда Білім және ғылым министрлігі қазір, яғни карантин кезінде үйде отырған оқушылар үшін қосымша білім беретін платформалар тізбегін ұсынады:
- Алматы қаласы Оқушылар сарайының бағдарламалары қашықтық форматында қол жетімді (инфо-сабақтар). Білім беру Zoom технологиясына негізделген. - Қазақстан Ұлттық кітапханасының Электрондық платформасынан көптеген шығармаларды, мақалаларды, газеттерді, журналдарды табуға болады. Сілтемесі http://kazneb.kz - Өздігінен қазақ тілін үйренуге арналған материалдар: https://t.me/qazaqtili_birge, https://t.me/qazaqtili_channel - KazTub онлайн-кинотеатры тегін жұмыс істей бастады. 100-ден аса фильм қол жетімді, оның ішінде отандық фильмдер де бар. 20-дан астам мультсериал көрсететін Kaztube.balapan блогы да қосылды. - Coursera студенттерге 3800 онлайн-курс ашты. https://www.coursera.org/ - ҰБТ-ға, қорытынды аттестаттауға және ОЖСБ дайындалуға арналған онлайн-тренажер жұмыс істейді. Сілтемесі https://itest.kz/ru - «Филин» – иллюстрацияланған жануарлар энциклопедиясы. http://www.filin.vn.ua/index.html