• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Атырау автобустарында жолаушылар ағыны 60 мыңға азайды

213 рет
көрсетілді

Атырау қаласындағы автобустарға мінетін жолаушылар бұрынғыдай көп емес.

«Смарт Атырау» КММ директоры Әділбек Таңқиевтың айтуынша, бұрын күніне қала ішіндегі автобус қатынасында жолаушылар ағыны 100 мыңды құраған. Ал, қазір 40 мыңға дейін азайғаны байқалған.

- Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобустардың санын 160-тан 140 бірлікке дейін қысқартуға ұйғарым жасадық. Демалыс күндері жолаушыларды 115 автобус тасымалдайды. Рейстен оралған бойда әр автобустың салонына санитарлық тазалық жүргізіліп, дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді. Осы мақсатта кондукторларға арнайы қолғаптар мен дезинфекциялық құралдар берілді, - деді Әділбек Таңқиев.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ