• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Атырауда №3 емхананың жұмыс істеу режимі өзгерді

351 рет
көрсетілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, бұған осы емханада жұмыс істейтін медициналық қызметкердің індетті жұқтыруы себеп болып отыр.  Медбике 17 наурызда «Алматы-Атырау» бағытымен  келген қыздан қан сынамасын алған. Бүгін оның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны  расталды. 

«Коронавирус жұқтырған науқаспен 27 байланысушының бар екендігі белгілі болды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылды» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес,  енді №3 қалалық емхана 30 наурыздан  қашықтан жұмыс істейтін болды.  Медициналық мекемеге   жаппай  дезинфекциялау  жұмыстары жүргізіледі. 

Жұмасат ҒАЗИЗ