• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматы жастары қайырымдылық акциясына қатысты

131 рет
көрсетілді

21 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің қалаларымыздың барлық негізгі көшелерінде біз азаматтарға бетперделерді тегін тарата алатын боламыз. Бұл үкімет алдында тұрған өте шұғыл және жедел міндет» деп атап өткен болатын.

Осы үндеуге Қазақстан халқы Ассамблеясы  да атсалысып, #bizbirgemiz республикалық акциясы аясында 21-26 наурыз аралығында жалпы алғанда 3,5 миллион теңгеге жуық сомаға материалдық көмек көрсетті, сондай-ақ 500-ден астам отбасына қолдау көрсетіп, өңірлерде 100 000-нан астам бетперделер тегін таратылды.

2020 жылғы 20-26 наурыз күндері «Біз біргеміз!»  акциясы аясында  Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері аз қамтылған көп балалы отбасыларға және қарт адамдарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық іс-шаралар өткізді. «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы  көп балалы  15 отбасына  бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде 150 мың теңге сомаға көмек көрсетті. Ассамблея волонтерлері зейнет жасындағы адамдарға дәрі-дәрмек жеткізу, бетперделер тарату бойынша акцияларға қатысты, ПИК өкілдерімен бірге қаланың тұрғын үйлерінің кіреберісіне санитарлық өңдеу жүргізді. «Біз біргеміз!» акциясы аясында 1 млн. 350 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Возрождение» немістер қоғамы егде жастағы жалғыз басты адамдарға 100 дана азық-түлік жиынтығын таратты, сондай-ақ жалпы сомасы 1 млн 200 мың теңгеден астам қаражатқа дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының волонтерлері, ҚХА мүшелері мен «Miss Almaty» байқауына қатысушылар метрополитен, қоғамдық көлік және орталық көшелерде алматылықтарға 5000 медициналық бетперделерді тегін таратты.