• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Наурыз, 2020

Шымкент: Полицейлер кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қаққан автокөлікті тапты

239 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының учаскелік инспекторы кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен автокөлікті тапты.

2020 жылдың 26 наурызында №9 учаскелік тірек пунктінің учакелік инспекторы Нұрбол Қалдыұлы Төреқұлов көрші әкімшілік учаскеде – Құрсай шағынауданында болған жол–көлік оқиғасы туралы хабарлама алды. 

Бұл әкімшілік учаскеде ол бұрын төрт жылдан астам қызмет атқарған (2015-2019 жылдарда), сондықтан ол жерді жақсы біледі. 

Жүргізуші “Opel-Vektra” маркалы автокөлігін басқара отырып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан. Нәтижесінде кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргінші қайтыс болды. Учаскелік инспектор тез арада аталған автокөлікті іздестіруге кірісіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған ЖКО-на қатысы бар автокөлік пен оның жүргізушісін ізін суытпай анықтады. 

Жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (автомобильді, троллейбусты, трамвайды немесе басқа да механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адам өліміне алып келген) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Автокөлік айып тұрағына салынды. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қала прокуратурасының бақылауында тұр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы жария етілмейді.