Волонтерлердің республикалық фронт-офисі өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға автоволонтерлер арқылы азық-түлік өнімдерін жеткізуде.
Азық-түлікті өлшеп-орағаннан, сұрыптағаннан кейін оны күн сайын автоволонтерлер мұқтаж жандарға мекен-жайлары бойынша апарып беріп отыр.
Сондай-ақ карантин және төтенше жағдай режимінің күшеюіне байланысты Ұлттық волонтерлік желі және волонтерлердің республикалық фронт-офисі волонтерлерді қабылдауды тоқтататынын еске салуда.