Жамбыл облысында этномәдени бірлестіктер өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және вирустың таралуына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының отбасыларына көмек көрсету бойынша азаматтық белсенділік танытуда.
Атап айтқанда, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі аз қамтылған 2 отбасына 25 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Жамбыл облыстық ассамблеясының Аналар кеңесі аз қамтылған 10 отбасын 100 000 теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз етті. ҚХА-ның волонтерлер қозғалысы «Жібек жолы жастары» волонтерлерімен бірге қоғамдық қызметкерлерге 200-ден астам қолдан жасалған бетперделер таратты. «Түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы 100 000 теңгеге аз қамтылған отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Аз қамтылған отбасыларға барлығы 200 бетперде таратылды, сондай-ақ 25 отбасына 225 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.
Ақтөбе облыстық ҚХА жанындағы «Бірлік» волонтерлері және өңірлік жастар орталығы Ақтөбе облысының аз қамтылған азаматтарын азық-түлікпен, жеке гигиена құралдарымен және маскалармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс ұйымдастырды.
Ақтөбе облысында короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізілуде, Ақтөбе облысында санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу шараларын күшейту мәселелері қаралды, іс-қимыл жоспары жасалды.
Ақтөбе облыстық ҚХА «Бірлік» волонтерлерімен Ақтөбе облысының аз қамтылған азаматтарын азық-түлікпен, жеке гигиена құралымен және бетперделермен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.