«Nur Otan»партиясының бастамасымен өткізіліп жатқан Biz Birgemiz акциясына Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысындағы мүшелері қатысып, халыққа дезинфекцияға қажетті құралдар мен медициналық маска тігіп, таратты.
2020 жылғы 20 наурызда Өскемен қаласында «Біздің күшіміз бірлікте» атты акция басталды, акция аясында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының волонтерлері тұрғындарға короновируске «қарсы тұруға» көмектеседі. Кәсіпкер Сайлауұлы Тілеужан өткізген медициналық бетперделер дайындау бойынша шеберлік сағатына жастар қатысып, олар өз қолдарымен жеке қорғану құралдарын жасай бастады. Жұмысқа арналған материалдарды, атап айтқанда, арнайы матаны бизнесмен тегін берді. ШҚО ҚХА волонтерлері дайын бетперделерді қала тұрғындарына таратты, олар өз денсаулығына ұқыпты қарау, гигиена сақтау және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттілігін еске салды. Қала тұрғындарына 1500 дана бетперде таратылды, қазір сәуір айының ортасына дейін қосымша 2000 дана бетперде тігу жоспарланған.
21-23 наурыз аралығында Семей қаласында Достық үйінің волонтерлері тегін бетперделер таратты. Бүгінгі таңда жұмыстар жалғасуда, 500 дана бетперде нақты мекенжайларға жөнелтіледі. Семей қаласының тұрғындарына көшелерде де бірнеше рет бетперделер таратылды. «Семей медициналық университетінің» ректоры Ерсін Жүнісов Семей қаласындағы Достық үйінің этномәдени орталықтарының волонтерлеріне таратуға арналған 1500 бетпердені табыс етті. «Университет жанында тігін цехы жұмыс істейді, ол бүгінде көп рет қолданылатын маскаларды шығаруға толық бағытталған. Олар бірінші кезекте университет қызметкерлеріне және университет госпиталінің дәрігерлеріне және медициналық қызметкерлеріне арналған. Бірақ біз барлығына көмектесуіміз керек», деп атап өтті Е.Жүнісов.
Бесқарағай аудандық ассамблеяның волонтерлік қозғалысы орталығының мүшелері бірнеше рет қолдануға болатын бетперделерді қарт адамдарға таратуды ұйымдастырды. Бесқарағай ауданы Бесқарағай ауылының волонтерлері 500 дана бетперде дайындап, тегін таратты.
Катон-Қарағай ауданында короновирустық инфекция жағдайына байланысты, 21-24 наурыз аралығында этномәдени бірлестіктер өкілдері, Аналар кеңестері, Қоғамдық келісім кеңестері, волонтерлер бетперделер мен ақпараттық парақшалар тарату бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні 250 бетперде, 95 ақпараттық парақша таратылды. Волонтерлер қайырымдылық көмекке бөлінген азық-түлік жиынтықтары мен гигиена құралдарын таратуға қатысты. Жұмыстар жалғасуда.
20-23 наурыз аралығында Алтай ауданында волонтерлер зейнеткерлерге 180 дана бетперде таратты, 5 жалғыз басты қарт адамға азық-түлік сатып алуға көмектесті, 250 данадан астам газет таратты.
Глубокое ауданының «Достық үйі» КМҚК-де 120 дана (60 – ересектер, 60 – балалар) бетперде тігіліп, аз қамтылған отбасыларына, мүгедектерге және тыл еңбеккерлеріне таратылды.
Шемонаиха ауданында короновирустық инфекция жағдайына байланысты 12 800 адамды бетпердемен қамтамасыз ету жоспарлануда, олардың қатарында көп балалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер бар.
19 наурызға дейін ШҚО ҚХА волонтерлерінің күшімен 5050 дана медициналық бетперде таратылды. Сонымен қатар, облыстың ішкі саясат басқармасы «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінің арнайы басылымын шығарды, бұл басылымдарда мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары туралы мақалалар басылды.