• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Наурыз, 2020

Д.Абаев: Коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі

289 рет
көрсетілді

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған дәрігерлерге 2 млн теңге беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дәурен Абаев айтты.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған медициналық қызметкерлерге 2 млн теңге беріледі. Құдай сақтасын, егер медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда жақындарына 10 млн теңге мөлшерінде төлемақы беріледі. Бұл жаңалық тек дәрігерлердің ғана емес, барша Қазақстандықтардың рухын көтеріп, көңілін серпілтеді деп ойлаймыз», - деді Д. Абаев баспасөз мәжілісінде.