• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Наурыз, 2020

Медициналық қызметкер қайтыс болған жағдайда отбасына 10 млн теңге беріледі

374 рет
көрсетілді

Егер медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда отбасына 10 млн теңге мөлшерінде төлемақы берілетінін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дәурен Абаев айтты.

«Құдай сақтасын, егер медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда 10 млн теңге мөлшерінде төлемақы беріледі» деді Дәурен Абаев. 

Сондай-ақ министр елімізде күн сайын 100ден асадеген волонтерлер меценанттар қайырымдылық жасап жатқанын айтты.

«Өнер адамдары онлайн-концерт беруде. Одан басқа да мейірімділік мысалдары көп. Осының барлығы рухымыздың мықтылығын дәлелдейді. Бұл шараға бизнес өкілдері де атсалысуда. «Кар-Тел», «Кселл», «Мобайл Телеком-Сервис» компаниялары коронавируспен күресіп жатқан барлық дәрігерлерді тегін ұялы байланыспен қамтамасыз етті. Төтенше жағдай кезінде елімізде 20 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне тегін байланыс және интернет пакеті берілді. Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезде көрінеді» деп түйіндеді ол.