• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Наурыз, 2020

Шетелде жүрген 7 мыңнан аса қазақстандық елге оралды

184 рет
көрсетілді

Коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде Қазақстанның 7 мыңнан астам азаматы елге жеткізілді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Мемлекеттің өз азаматтарына деген қамқорлығы осындай қиын кезде көрінеді. Президенттің тапсырмасымен, 18 наурыздан бастап, шетелдегі 7702 Қазақстан азаматын мемлекет өз күшімен елге әкелді. Мемлекет тағы 752 азаматты әкеледі. Бұл Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы мәселе», - деді министр. 

Сондай-ақ министр коронавируспен күресте медицина қызметкерлеріне ай сайын миллион теңгеден берілетінін айтты.