• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 30 Наурыз, 2020

Елордада полиция қызметкерлері әр автокөлікті тоқтатып, ескерту жасауда

235 рет
көрсетілді

Бүгін полиция қызметкерлері әр автокөлікті тоқтатып, ескерту жасап жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгіннен бастап карантинді сақтау тәртібінің күшейтілгені белгілі. Көліктің көпшілігі такси болып жүр. Айта кеткен жөн, елордалықтар 6 сәуірге дейін сыртқа себепсіз шықпауы керек. Жұмыстан бөлек, тұрғындар дүкен мен дәріханаға немесе қоқыс төгуге шыққан кезде олардың барып-келу жолы жіті бақылануы мүмкін.

Полиция қызметкерлері мұндай сақтық шарасына түсіністікпен қарауға шақырды. Көлік жүргізушілерін бүгін тек ескерту шарасымен шектелгенімен, ертеңнен бастап қалада бей-берекетсіз жүрген азаматарға ескертусіз айыппұл салынады. Оның өзі 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салынады. Немесе 15 тәулікке қамауға алынады» делінген хабарламада.