• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 31 Наурыз, 2020

Тауарлардың ілеспе жүкқұжаттарын ендіруге кезеңі ұзартылды

347 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларға ілеспе құжаттарын ендіруге арналған өтпелі кезеңнің ұзартылғаны туралы хабарлайды. НҚА жобасында био отыннан басқа тауарларға ілеспе құжат ресімдеудің басталу уақыты 2020 жылдың 1 шілдесінен басталады.

2017 жылғы Салық кодексімен тауарларға арналған ілеспе құжат рәсімдеудің талаптары бекітілген. Тауарларға ілеспе құжат 2019 жылғы 29 желтоқсандағы №1424 Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының бұйрығына сай жүргізіледі. Яғни, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларға ілеспе құжат ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесіне, ал қалған тауарлар бойынша 2020 жылғы 1 сәуірден басталуы тиіс еді.

Сонымен қатар салық төлеушілердің тауарларға ілеспе құжат енгізуге арналған өтпелі кезеңді ұзарту қажеттігі туралы өтініштеріне байланысты, cондай-ақ Қазақстан ішінде өз контрагенттерімен, тасымалдаушылармен, Еуразиялық экономикалық одақ жеткізушілерімен өзара қарым-қатынасты қайта құру мақсатында уақыт кезеңінің қажеттілігін назарға ала отырып, тауарларға ілеспе құжатқа көшуге қатысты тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу жөнінде Қаржы министрлігі бұйрығының жобасы дайындалды.

Аталған бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап тауарларға арналған ілеспе құжат рәсімдеудің басталуы белгіленген. Бұйрық жобасы Legalacts ресурсына орналастырылып, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және де Сараптамалық, Қоғамдық кеңестерге келісуге жіберілді. Бұйрық жобасы ұсынылған келісімдер негізінде Әділет министрлігіне қарастыруға жолданған.

Ал салық төлеушілер ТІЖҚ енгізуге дайындық іс-шараларын жүргізуді жандандыруы қажет. Әсіресе, салық төлеушілердің есеп жүйелерін ТІЖҚ ресімдеуге техникалық бейімдеу маңызды.

Өз тарапынан Комитет кеңестік көмек көрсету және салық төлеушілерді ТІЖҚ бойынша бизнес-процестерге оқыту мақсатында тестілік ортаны дайындады. Әрбір салық төлеуші Комитеттің порталында «Электрондық шот-фактуралар» бөлімінде орналасқан тестілік стендті тегін пайдалана алады.

Осы бөлімде салық төлеушінің есепке алу жүйелерін пысықтау үшін әзірлеушінің жиынтығы, ТІЖҚ құрылымының Техникалық сипаттамасы, ЭШФ АЖ пайдаланушының нұсқаулығы орналастырылған және ТІЖҚ нысанын қадам-қадам бойынша толтыруды түсіндіретін ақпараттар орналасқан. 

Бұдан басқа, әрбір аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде  ТІЖҚ енгізу бойынша салық төлеушілердің пилоттық топтары құрылуда.