• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Тамыз, 2013

Біреуге – көл, біреуге – шөл

376 рет
көрсетілді

АҚШ-та 11,5 млн. адамның жұмыс­сыздар қатарында екенін назарға алар болсақ, Америка құрлығындағы ахуал­дың да тоқмейілсуге негіз бола алмайты­нын түсіну қиын емес. Кейбір сарапшылар айтқандай, дағдарыс салқыны алдағы жы­лы да өз табын сездіре беретін болса, жағ­дайдың жақын арада жақсарып кете қоюы, әрине, екіталай.

 Бүгінде әлемде қалыптасқан ахуалға осындай баға беруге болады

Әлемдік қаржы дағдарысы туралы сөз қозғала қалса әңгіменің бір ұшы бүгінде міндетті түрде Грекияға келіп тірелетін болып тұр. Оған себеп те жоқ емес сыңайлы.

Грекияға қаржылай көмектің үшінші па­кетінің қажет болуы мүмкін, бірақ ол мемлекеттік шығындарды қысқарту жөніндегі жаңа талаптармен келіспейді. Елдің қаржы министрі Яннис Стурнарас таяуда осылай деп мәлімдеді. Егер жаңа көмек қажет бола қалса, ол шамамен 10 млрд. еуро көлемінде, яғни өткен жылғыға қарағанда едәуір аз болады, деген ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Грекия қазірдің өзінде жалпы сомасы 240 млрд. еуро болатын қаржылай көмектің екі пакетін алып отыр. Үстіміздегі жылдың шілде айында Халықаралық валюта қоры өз бағалауын жариялады. Ол бойынша 2014-2015 жылдары Грекияға 11 млрд. еуродай қаржы қажет болуы мүмкін. Ал жақында, тамыз айының басында Германияның қаржы министрі Вольфганг Шойбле бюджеттегі өсіп келе жатқан жыртықтарды бүтіндеу үшін Грекияға қаржылай көмектің тағы бір пакетінің қажет болуы мүмкін екендігін алғаш рет еске салып өтті.

Айта кету керек, Германия канцлері Ан­гела Меркель Грекия борышын бұрынғыға қо­сымша есептен шығарып тастауға өзінің қарсы екендігін мәлімдеп үлгерді. Оның айтуынша, мұндай қадам инвесторлар белсенділігінің қайта қалпына келу нышаны байқала бастаған еуроаймақ тұрақтылығына нұқсан келтірер еді. ГФР канцлері борыш­тарды есептен шығару тұрақсыздық ахуалын туындатып, оның соңы жеке инвесторлардың еуроаймаққа қаржы салудан бас тартуына апарып соқ­тырады деп есептейді.

Сөз орайында Грекия кредиторларының үштігі – Еуропалық комиссия, Еуропа орта­лық банкі және Халықаралық валюта қоры 2013 жылдың күзінде Грекияға қар­жы­лай көмек көрсету жөніндегі өз бағдар­ламаларын қайта қарайтынын да айта кету қажет. Осы ретте, біз көмек көр­сету бағдарламасының параметрлерін өз­гер­ту мүмкіндіктерін де қарастыратын бола­мыз. Бәлкім несиелер мерзімін ұзарту мәселесінің де талқылануы мүмкін, деп атап көрсеткен Валюталар мен экономикалық мәселелер жөніндегі еурокомиссар Олли Реннің сөзін келтіре кеткен де артық емес сияқты. Оның айтуынша, бұл тұрғыда Гре­кияның ағымдағы шарттарға сәйкес эко­но­микалық реформаларды жүзеге асы­ру­дағы қабілеті шешуші рөл атқармақ, сол сияқты елдің бюджет профицитіне қан­ша­лықты қол жеткізе алатындығын түсіну­дің де маңызы зор.

Қаржы дағдарысы кәрі құрылықты ғана емес, сонымен бірге мұхиттың арғы бетіндегі елдерді де мазалай бастағанға ұқсайды. Соңғы төрт жыл ішінде Мексика экономикасы ІІ тоқсанда алғаш рет қысқаруға ұшырады. Осылайша Мексика алғашында қатты өсім байқалып, кейін рецессия сатысына енген дамушы елдер тізімін толықтырып отыр.

АҚШ-тың тоқыраушылыққа ұрынған экспорты мен қоғамдық шығындардың тежеліп өсуі бірінші жартыжылдықта Мек­сика экономикасының көтерілуіне кедер­гі келтірген. Сөйтіп, көлемі жағынан Ла­тын Америкасындағы екінші экономи­ка үстіміздегі жылдың І тоқсанымен салыс­тыр­ған­да 0,7 пайызға азайған көрінеді. Шын­ды­­ғына келгенде, көптеген экономис­тер бұл елден онша елеулі болмаса да, өсім күткен болатын.

Ал дамушы елдер болса АҚШ феде­рал­дық резерв жүйесінің кері әсер етуі салдарынан туындаған ұлттық валюталары бағамының төмендеуін тоқтатуға талпынуда. Осылайша бүгінде айына 85 млрд. доллар қаржы жұмсалып отырған америкалық мемлекеттік облигацияларды сатып алу бағдарламасы қысқартуға ұшырауы мүм­кін. Атап айтқанда, Бразилия орталық бан­­кі жергілікті рыноктағы өтімділікті қам­та­масы з етіп, өзгермелілікті қысқарту үшін 60 млрд. долларға интервенция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл ел 2002 жылдан бері дәл мұндай қымбатқа түсетін шараға барып көрмеген болатын. Дегенмен, осындай әрекетке баруға негіз де табылып тұр. Бразилия реалының бағамы бір апта ішінде 1,7 пайызға, ал жыл басынан бері 12,73 пайызға төмендеген. Сондықтан да үкімет валютаның құнсыздануы инфляцияға түрткі болып, кредиттік ставкалардың өсіп кетуіне жол ашады, ал ол экономика үшін бұрынғыдан да күшті соққы болады деп қауіптеніп отыр.

Федералдық резерв жүйесінің төра­ғасы Бен Бернанке сапалық жұмсарту бағ­дар­ламасын тоқтатуға дайын екенін алғаш рет айтқан көктемнен бастап дамушы елдердің валюталары өз позицияларын жоғалта бастады. Соңғы үш айдың ішінде дамушы елдердің барынша жақсы саудаланып жүрген 20 валютасы 5,3 пайызға арзандады. Бұл 2011 жылдың қыркүйегінен кейінгі ең бір күрт төмендеу болып табылады. Сонымен бірге, дамушы елдердің валюталық резервтері де соңғы үш айда 81 млрд. долларға қысқарған. Бұл бүкіл резервтердің 2 пайыздайын (Қытайды есептемегенде) құрайды.

Интервенциялардың рынокты тыныштандыруы мүмкін, бірақ валюталарды сыртқы әсерлерден қорғай алмайды, деп есептейді MizuhoBank стратегі Лучиано Ростано. АҚШ сауығу жолына түсті, ал дамушы елдер қарсы бағытта қозғалып барады, деп мәлімдеген «Бұл жолы бәрі де басқаша болады» атты кітапты Кеннет Рогоффпен бірге жазысқан автор Кармен Рейнхарт.

Қаржыгерлер әдетте жаңа жылды күз­ден бастап санайды. Көпшілік жұрт 2013 жылдың күзін үлкен алаңдаушылықпен күтуде. Өйткені кең ауқымды дағдарыстың орын алатындығы туралы сыбыстың басылар түрі жоқ.

Ресейдегі дағдарыс валютаға қатысты жағдайлармен нақты астасып жатыр. Рубль, долларға қатысты да, сонымен бірге, проблемалы еуроға қатысты да көз алдымызда құлдырауда, дейді Ресей Жоғары экономика мектебінің профессоры Игорь Николаев. Сонымен бірге, ол 2008 жылғыдай күрт құлдыраудың орын алмайтынына да назар аударған. Бірақ бұл жайт та тыныштануға негіз бола алмайтын сияқты. Өйткені, профессор атап көрсеткендей, баяу да болса төмен қарай сырғудың 2013 жылмен аяқталмайтын түрі бар. Мәселенің шындығын айтар болсақ, экономикадағы теріс көріністер бүкіл 2014 жыл бойына, бәлкім, тіпті одан арғы жылдары да бой көрсете беруі мүмкін.

Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуі бірқатар елдерге айтарлықтай теріс әсерін тигізіп отыр. Мәселен, Колумбияда фермерлердің наразылық акциясы төңірегіндегі жағдай барған сайын шиеленісе түсуде. Шаруалар ауыл шаруашылығы саласындағы реформаға, әсіресе, АҚШ-пен және Еуроодақпен еркін сауда-саттық жасасу туралы келісімге қарсы наразылықтарын білдіруде. Өйт­кені, бұл істің соңы колумбиялық фермер­лердің бәсекелестікке төтеп бере алмай, кедейшілікке ұрынуына апарып соқтырмақ. Осы орайда Колумбиядағы ереуілдердің полициямен қақтығыстарға соқтырып, соның салдарынан адам өлімінің орын алып отырғанын да айта кету қажет.

Біреулер Америка экономикасы түзеліп келе жатыр десе, енді біреулер бұл мәселеде тіпті, қара аспанды жаудырудан да қашар емес. АҚШ нағыз банкрот болып саналады, бюджет жағдайы әлдеқашан бақылаудан шығып кеткен. Ресейдің «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Бостон университетінің профессоры Лоуренс Котликофф осылай деп атап көрсеткен. Оның айтуынша, АҚШ-тың мемлекеттік борышы, осыған дейін айтылып келгендей 70 емес, 220 триллион доллардан асып түседі. Оның себебін профессор АҚШ-тың борыштарының басым бөлігінің ресми баланстан тысқары жататындығымен түсіндірген. Мәселен, Ресейде ресми борышқа жатпайтын өте жоғары зейнетақылық міндеттемелер бар. Сол сияқты АҚШ-та да зейнетақылық міндеттемелер, сонымен бірге әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі бойынша, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесі бойынша өте қомақты міндеттемелер бар. Осы міндеттемелерді үкіметтің болашақ салықтық түсімдеріне кіретін бүкіл активтермен бірге баланстық есеп-шотқа біріктіріп, соның бәрін бүгінгі күні келтірілген баға бойынша бағалағанда ғана елдің шынайы бюджеттік міндеттемелері белгілі болады екен. Жоғарыда аты аталған профессордың атуынша, АҚШ-та бұл сияқты шынайы бюджеттік міндеттемелер шамамен 222 триллион долларды құрайды.

Бір қызығы, кейбір елдер жұмсарға қаржы таба алмай, жағалай қарыз сұрап қиналып жатса, енді біреулер «аспаннан жауған» ақшаның астында қалып, байлықтарының есеп-қисабынан жаңылуда. Мәселен, Еуропарламент депутаттарының еңбекақылары «кәрі құрлықтағы» ауқат­ты мемлекет Германияның өзімен салыс­тыр­ғанда жоғары екен. Олардың айына 7956 еуро

Соңғы жаңалықтар