Қызылорда облысында COVID-19 вирусын жаңадан жұқтырған 9 адам бір ауданнан болып отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.
- Қазіргі уақытта, облыс бойынша 18 науқас тіркелді. Жаңадан анықталған 9 науқас Жаңақорған аудандық ауруханасына жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық, - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.