Қаражат «Біз біргеміз!» акциясы аясында қайырымдылық қорына аударылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов Instagram-дағы парақшасында жариялады.
- Қазақ нақылында «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз бар. Ауданымыздан шыққан азаматтар туған жеріне жанашырлық сезіммен ел басына түскен ауыртпалықты жұмыла көтеруде. Індет ел еңсесін езген шақта жанашырлық танытқан әр азаматтың үлгілі ісі – көпке өнеге, - делінген жазбада.
Сондай азаматтардың бірі – Ж.Шанин ауылының тумасы коронавирус індетінің алдын алу үшін 500 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. Ол қаражат «Біз біргеміз!» акциясы аясында қайырымдылық қорына аударылды.
- Атымтай жомарт азамат өз есімін атамауды сұрады. Біз де ол кісінің позициясына құрметпен қараймыз. Туған жеріне жанашырлық танытып, індетпен күрес жолында демеушілік көрсеткен азаматқа аудан халқы атынан алғыс айтамын! – дейді Қанат Кәрімов.