• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2020

Үйден шықпа, үйде қал, үйде болшы! (видео)

1627 рет
көрсетілді

Бүкіл әлемге коронавирус індеті таралып, адамзатқа қауіп төніп тұрған шақта әрбір адамның үйден шықпай, оқшаулану шарасын бұлжытпай орындағаны абзал. Осы ойды тарату мақсатында ақындар оқырмандарына өлең арнап, үйден шықпауға шақыруда.

Facebook желісінің қолданушылары Ақбота Бейбітбектің өлеңін таратуда.

Қос әлемнің терезе дәнекерi,Жауапсыздың қазiргi жан өтеуі.Есте болсын әрдайым үй iшiнде,Отаныңның бөлшегі бар екені.

Тазалықтың денсаулық болса есімі,Дерттің мына төнгендей мол кесірі.Мың адамның өмірін сақтап қалар,Бір адамның қабылдар оң шешімі.

Уайымдама, қалыпты күйде болшы,Тәжін киіп тажал тұр түйреп осы.Адамзаттың ертеңгі күнін ойлап,Үйден шықпа,үйде қал,үйде болшы!