• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2013

Толқында тербелген демалыс

405 рет
көрсетілді

«Балқашкөлінің жағалауында Анта­­­лиядағыдан кем еместей демалыс кешені пайда болыпты»  деген хабар елең еткізген еді жақында. Әлемнің көптеген елдерінің осындай табиғат арқасында туризмді дамытып, шылқып та, шалқып та отырған жайы барда бұл жаңалық куантқаны рас. Бабаларымыз Көкше теңіз деп те атаған шалқар айдынның самал толқыны жұмсақ құмды аймалаған оңашалау мүйі­сі аясында демалып қайтушылар лебізі де сонда жетелеп, қызықтырмай қал­маған. Әрине, көзбен көргеннің жөні бө­лек емес пе?! Шаһардан сүт пісірімдей ғана әдемі тұсқа аяқ басылғанда-ақ оның мей­мандарының мақтауы тегін еместігі се­зіле түсті. Ашылғанына көп уақыт болмаса да жұрт аузына іліксе іліккендей екен.

«Нұрбақыт» деген атауына жарасты демалыс кешенінің дәл жағалаудағы үш қабатты ғимаратының сыртқы бейнесі бірден көз сүйсіндірсе, ішкі сәнінің келіс­тігі де кірпияз туристердің өзін де тамсан­дырмай қоймайтындай көрінеді. Демалу­шылардың қандайлық та талап-тал­ғам­дарына сай 4, 3 және 2 орындық 14 бөл­менің қай-қайсысы да жанға жайлы. Бар­лығы еркін, алаңсыз демалу уақытына не керектінің бәрімен жабдықталған. Баға­сы да соншалықты қымбат емес және қыз­мет көрсету сапасы риза етерліктей кез кел­генін 15 мың теңгеге жалға алып, бұл дү­ние рахатына батуға тамаша жағдай бар.

Қол созым жердегі ұзыннан-ұзақ созылған жағажай күнге қыздырынып, майда құмына аунауды ұнатушылардың құмарын қандырарлықтай-ақ. Қалауына қарай жайғасып жатып демалуға арналған қаз-қатар жатақ-орындықтар және тізіліп тұр. Белгі берілсе салқын сусын қолға ұмсына қалады. Балақайлардың асыр салып ойнауына, көл суына шомылуына арналған орын қызығы бөлек. Оларды думанға бөлеушілер әке-шешелерін еш алаңдатпайды. Алыс-жақыннан келушілердің ішінен ресейлік Андрей Соколовпен тілдескенімізде «Мен бұрынғы балқаштық ретінде бұл жердің танығысыз өзгеруіне қуанып қалдым. Осыған дейін жабайы жағажайды қызығарлық демалыс орнына айналдырушы кәсіпкер ісіне қалайша риза болмассың», деді ағынан жарыла.

Біз білгеніміздей, ол Тілеугерей Маканалин атты азамат екен. Кезінде танымал боксшы болған Тілекең Балқаш­тың болашақ бағы туризмде ғой. «Көз қорқақ, қол батыр» делінген емес пе, тәуе­келге бел буып, осы істі алғашқы ұйым­дастырушылардың бірі болдым. Енді жазда ғана емес, қыста да демалушыларды қарсы алудың жолдарын ойластырып жүрмін, дейді.

Демалыс кешенінің күннен-күнге құшағы ашылудағы қызметі балқаш­­тық­тардың жұмыспен қамтылуына әсерін тигізіп отыруымен де игілікті. Бүгінде мұнда 20-ға тарта жас жігіттер мен қыздар еңбек етеді. Солардың бірі Гүлдерай Байту деген қарындасымыз «Біраз уақыт жұмыссыз жүр едім. Даяшы болып қабылдандым. Еңбекақым тәп-тәуір. Әке-шешеме, бауырларыма қолғабысым тиетін болды. Тілеугерей ағамыз демалушылар қатарын ұлғайтуға жағдай жасауды кеңейтпек ойда. Бәріміз соны тілейміз. Өйткені, тағы бірнеше тұрғы­лас­тарымызға жұмыс табылар еді», дегендей Маканалин ісіне тілеуқорлар көп.

Кәсіпкерлігімен қатар Тілекең Балқаш қалалық бокс федерациясының президенті тұрғысында жергілікті спорттың дамуына да атсалысып жүруімен танымал. Оның ұйымдастыруымен жыл сайын балқаштық былғары қолғап шеберлері Аманбек Маканалин, Ерлан Нөкербеков, Жанат Сәтеновті еске түсіруге арналған республикалық ашық турнир өтіп тұрады. Көрші мемлекеттер балғын боксшылары да қатысып, күш сынасатын жарыстың бас демеушісі де әрдайым өзі.

Жергілікті туризмді түрлендіруге берік бел буған Тілеугерей Маканалин Балқаштың да ата ғы демаушылар жұмағы ретінде алысқа жаңғыруын мақсат тұтады. Үміт үлкейткен, сенім жалындатқан іс басы соған ұмтылдыра түседі.

Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»,

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

журналист.

БАЛҚАШ.