Облыстық көпсалалы аурухананың жанындағы емхананың кіші медициналық қызметкері вирус жұқтырған.
1962 жылы туған науқаспен қарым-қатынаста болған 32 адам анықталуда. Оның төртеуі отбасы мүшелері. Вирустың кімнен жұқтырғаны мұқият зерттелуде. Бұл оқиға туралы бүгін кешке облыстың бас санитарлық дәрігері Айнагул Мусина мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов өткізген брифингте белгілі болды.