• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2013

Заманауи қойма

439 рет
көрсетілді

Шортанды ауданындағы «Төң­­ке­ріс астық қабылдау кәсіп­орны» ЖШС-де «Агро­бизнес-2020» бағдар­ламасы аясында жаңғыртылып, қуат­тан­дырылған астық қоймасы іске қосылды. Диқандар қауымы мен оны өңдеушілер, әсіресе, заманауи астық кептіру және тазалау желісінің таныстырылымына айрықша ден қойды. Мамандардың бағалауынша, сынақ барысында ырыздық дәнінің ысырапқа түсуі мүмкін болған төменгі шектеулі деңгейге жауап берген.

Жылына 30 мың тонна өнім қа­былдай алатын қойма то­­лық испан­дық технология­мен жабдық­талған. Барлық жұ­мыс компьютер желісімен бас­қарылады. Аталған жобадағы басты ерекшелік ретінде модем және спутниктік антенна­лар арқылы желі жұмысы тікелей Испаниядан бақыланып отыратындығын ай­ту қажет. Мұндай мониторинг шетел­дік жабдықтаушының желінің тоқ­таусыз қызметіне кепілдік береді.

Астық қоймасын жаңғыртуға 418 миллион теңгеден астам қар­жы жұмсалса, инвестициялық жо­баға «ҚазАгроҚаржы» АҚ пен шор­тан­дылық кәсіпорын ұжымы белсене қатысты. Жобаның та­быстылығы оның темір жолға жа­қындығымен және келесі жылы кәсіпорынға шойын жол бұтақтары тартылатындығымен байланыс­тырылуда. Сондай-ақ, мұнда 50 жұмыс орнының ашылуы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Шортанды ауданы.