• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Сәуір, 2020

Алматыда мұғалімдер мен оқушыларға 10 мыңнан астам компьютер берілді

291 рет
көрсетілді

Алматыда қашықтан оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларға 10 мыңнан астам компьютер берілді. Бұл туралы бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.

«Бұл карантин күнделікті өміріміздегі барлық салаға, соның ішінде білім беру процесіне де өзгеріс енгізді. Төтенше жағдай режимінің бірінші күнінен-ақ мектептерді қашықтан оқытуға көшіруге даярлай бастадық. Ең алдымен мұғалімдерге арналған тренингтер өтіп, 99% немесе 273 мың оқушыны қамтыған сынақ сабақтары ұйымдастырылды. «Алматы» телеарнасынан көрсетуге болатын 100-ден аса бейнесабақ әзірленді»,- деп жазды әкім. Сондай-ақ, ол қашықтан оқыту үшін мұғалімдер мен оқушыларға 10 мыңнан астам компьютер берілгенін айтты. Техникалық жабдыққа келер болсақ, карантин кезінде мектептердегі 10 мыңнан астам компьютер мұғалімдер мен оқушыларға берілді. Қосымша үш мың ноутбукты сатып алу мәселесі шешілуде. Үйінде төрт және одан да көп оқушы баласы бар және барлығының бір компьютерден білім алуға шамасы жететін отбасылар бар. Оларды қосымша техникамен қамтамасыз ететін боламыз. Байланыс операторларымен бірлесіп, төрт мың оқушы мен 700 мұғалімге ғаламтор желісінің қолжетімді болуын қарастырудамыз»,– дейді Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев ата-аналардан қолдау көрсетулерін сұрай келе: «Ата-аналардың балаларға қолдау көрсетіп, мұғалімдердің онлайн сабағын өткізуіне көмектесуін сұраймын. Үйде отырсақ та, өзімізді жан-жақты дамытып, әрі коронавирустың белең алмауына үлес қосып жатырмыз», деп жазады.

 

 

АЛМАТЫ