Облыс орталығындағы «Жылужүйелері» ЖШС компаниясы қалатұтынушылары үшін коммуналдық төлем тарифтерін өсірусіз-ақ орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін тұрғындар үшін жылу желілерін қалай модернизациялауға болады деген мәселенің түйінін тапқандай. Яғни бұл жылу желілерін қайта жаңартуға да мүмкіндік тудырды. Мұндай жұмыстарды жүргізуге арналған қаражат облыс орталығындағы «Жылу жүйелері»» ЖШС-ның халықаралық қаржылық даму институттарынан алған қарыздарының арқасында пайда болды.
Облыс орталығындағы «Жылужүйелері» ЖШС компаниясы қалатұтынушылары үшін коммуналдық төлем тарифтерін өсірусіз-ақ орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін тұрғындар үшін жылу желілерін қалай модернизациялауға болады деген мәселенің түйінін тапқандай. Яғни бұл жылу желілерін қайта жаңартуға да мүмкіндік тудырды. Мұндай жұмыстарды жүргізуге арналған қаражат облыс орталығындағы «Жылу жүйелері»» ЖШС-ның халықаралық қаржылық даму институттарынан алған қарыздарының арқасында пайда болды.
2011 жылы Еуропа Қайта құру және даму банкі қаланың жылу желілерін жаңартуға және модернизациялауға 2 млрд. 997 миллион теңге несие берді, дейді серіктестік инженері Александр Захарьян. Құбырлар ауыстырылып, жылу берілетін уақытты бақылайтын автоматты қондырғылар орнатылуда. Қолданыстағы магистральдарда құбырларды ораған минерал мақта жылу өткізгіштігі төмен пенополиуретанға ауыстырылуда. Алда №1 жылу электр орталығы қамтитын аумақ бойынша жұмыстар күтіп тұр. Нәтижесінде, жылу беру кезінде шығындар деңгейі 20 пайызға дейін азаятын болады.
Шілде айында облыс орталығында серіктестік өткізген сынақтар кезінде көше бойында екі жерден асфальт опырылды. Бірінші жағдайда опырылған шұңқырға ер адам құлады, екіншісінде, шұңқырға жеңіл көлік түсіп кетті.
Жалпы, жылу жүйелеріне жаз айларында сынақ жүргізу қысқы аязда апатты жағдайларға келтіруі мүмкін желілердің ең осал жерлерін анықтау үшін жасалады ғой, деп түсіндірді мұны серіктестіктің бас инженері Вадим Ковальчук. Егер құбыр темір-бетон науаға орналастырылған болса, онда тіпті ол жарылған жағдайда да су топырақты шаймай және опырылу қаупін туғызбай, желіден жылу камераларына қарай ағады. Ал, біз бүгінде арнасыз аралық қабат төсемдерін пайдаланамыз, ол да топырақтың шайылып кетуін болдырмайды. Жылу желілерін жаңарту бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүргізілуде. Жұмыс көп. Облыс орталығындағы жылу магистральдарында әлі күнге дейін өткен ғасырдың 60-70-жылдарында салынған бөлікшелер жеткілікті. Бұл тораптар сынақ кезінде шыдамайды, сондықтан, топырақ шайылады. Қаланың кез келген бөлігінде болуы мүмкін, сондықтан «Жылу желілері» ЖШС ақпарат құралдары арқылы қалалықтарды үнемі ескертіп отырады, оларды сынақ бөліктерінде сақ болуға шақырады. Жылу желілерін ұстап тұру үшін жыл сайын жылу желілерінің 15-16 шақырымын жөндеу қажет. Бүгінгі күні тарифтік сметалық өлшем 9,6 шақырымға ғана мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жылу желілеріне жауапты адам құбырдың келесіде қай жерде жарылатынын алдын ала білудің және оның салдарын азайтудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Әрбір торап бойынша жүйелі түрде ақауды анықтау деп аталатын куәландыру жүргізіліп отырады. Егер жылу трассасының белгілі бір учаскесінде жылу маусымы ішінде 5-6 зақымдану болса, сол учаскеде күрделі жөндеу жүргізіледі. Егер зақымдану жергілікті болса, онда оны жойып, кейін тексеріп, қайтадан жұмысқа қосады, дейді «Жылу жүйелері» ЖШС бас директоры Виталий Матвеев.
Қысқа дайындық қызу жүріп жатыр. Былтырғы жылу маусымында Екібастұзда үйлерге жылу беру кезінде күрделі үзілістер болғаны белгілі. Сөйтіп, биыл жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 250 миллион 417 мың теңге бөлінді. Қаржыландыру жоспарланған жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауға және екібастұздықтарды жылумен қамтамасыз етуде алда тұрған қысты апатсыз өткізуге жасалған мүмкіндік. Екібастұзда қалыпты температура бойынша реттеудің жолға қойылған жүйесі жоқ, сондықтан жылу желілері үйлердің бір бөлігіне температуралық кестеге сәйкес келетін температураны бере алмайды, деп түсіндірді бас инженер Вадим Ковальчук. Жылу тораптарының, шығындарды реттегіштердің және тағы басқалардың болмауы жылу энергиясының нормадан тыс тұтынылуына алып келеді. Жүйені жо лға қою үшін ПИК-тердің белсенді қатысуы өте қажет. Бірақ кооперативтердің барлығы бірдей көмекке келе бермейді. Өткен жылы құны 9, 5 млрд. теңге болатын ішкі желілерді қайта жаңарту бойынша ұсыныстарға сай бірнеше жобалар іске асырылуда. Сонымен қатар, «Жылу жүйелері» ЖШС мемлекеттік құрылымдармен өзара бірлесу нәтижесінде моноқалаларды дамыту және мемлекет-жеке меншік серіктестігі бағдарламалары аясындағы жұмысты бастауды жоспарлап отыр.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан». Павлодар облысы.