• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Сәуір, 2020

Көкшетауда бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

477 рет
көрсетілді

Кеше Көкшетауда коронавирустың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл туралы Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Брифингте сөз алған басқарма басшысы Сүлен Ілиясов бүгінгі таңда елімізде коронавирустың 369 дерегі тіркелгенін, оның ішінде 15 дерек біздің облысымызда анықталғанын айтты. Коронавирус жұқтырғандардың саны еліміз бойынша күн санап ұлғайып келеді. Мәселен, бүгінгі күннің өзінде облыста коронавирустың 5 жаңа дерегі тіркелген. Оның төртеуі коронавирус жұқпасы лабораториялық расталған науқастармен байланыста болғандар. Олар тері-венерологиялық диспансеріндегі провизорлық стационарда карантинде болған екен. Екі науқас Қоянды ауылының тұрғындары,  1984 жылы туған әйел адам және 2017 жылы туған бала. Одан кейін Қосшы ауылының 1962 және 2011 жылғы тұрғындары.

Ал, Көкшетауда коронавирус жұқтырған адам облыстық көпбейінді аурухананың санитары болып шықты. Басқарма басшысының айтуынша, науқас өзін жайсыз сезінгендіктен, терапевтке қаралуға өзі барған. Кешке кешкісін одан тиісті анализдер алынып, коронавирус жұқпасын жұқтырғаны бүгін анықталған.

Науқас Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған.  Қазіргі таңда облыстық ауруханада карантин жарияланды деді Сүлен Ілиясов. Коронавирус жұқтырған 1962 жылы туған әйел адаммен 35 адам байланысты болды деген болжам бар. Олардың барлығы да қазіргі таңда оқшауланған. Оның ішінде науқаспен бірге тұратын отбасының төрт мүшесі де бар. Бұл іске байланысты эпидемиологиялық тексерістер жүргізіліп, науқас жұқпаны қандай жағдайда және  қалай жұқтыруы мүмкін екені анықталып жатыр.

Бүгінгі таңда облыс стационарларында 174 науқас жатыр. Жұқпалы аурулар бөлімшесінде 13 адам, Нұр-Сұлтан қаласының фтизиопульмонология бөлімшесінде 2, провизорлық стационарда 94адамем қабылдауда. Тағы 65 адам карантиндік стационарларда бақылауда. 362 адам үй карантиніне алынған.

Брифингте сөз алған Ақмола облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина қазіргі таңда облысымызда коронавирус жұқтырған науқастармен байланысты болған тұлғалар анықталып, олардың үй-жайлары, қоғамдық орындар залалсыздандырылып жатқанын айтты.