Футболдан Солтүстік Американың Major League Soccer (MLS) лигасында бақ сынайтын «Филадельфия Юнион» клубының ойыншысы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Клуб басшылығы оның атын атамауды жөн санаған. Бұл аталған лигада дертті жұқтырған бірінші футболшы.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, әзірге футболшыда арудың жеңіл белгілері байқалады. Сондай-ақ ол өзін жақсы сезінеді және өзгелерден оқшауланған. Ал клубтың басқа футболшыларынан вирустың белгілері байқалмаған.
Коронавирус пандемиясына байланысты MLS 12 наурыздан бастап матчтарды уақытша тоқтатты және командаларға жаттығу жасауға тыйым салған.
Әлем бойынша бүгінде 30-дан аса футболшы коронавирус жұқтырса, үшеуі дертінен айыққан. Олар: Пауло Дибала («Ювентус»), Микель Артета («Арсенал» клубының бас бапкері) және Пепе Рейна («Астон Вилла»).