• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 02 Сәуір, 2020

Түркістан: Инфекция жұқтырған 6 адам науқастармен қарым-қатынаста болған

261 рет
көрсетілді

Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласынан -1, Ордабасы – 1, Сайрам ауданынан -1 науқас тіркелді.

Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған. Ал Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары. Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Сондай-ақ олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.