• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Сәуір, 2020

«Рамада Плаза» кешені зарарсыздандырылды

184 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдықты деген күдікке ілінген пациенттерге арналған каратиндік стационар құрылған «Рамада Плаза» қонақ үй кешенінің аумағында ауқымды зарарсыздандыру шаралары өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

«Бұл жерде адамдар карантинде жатқандықтан, біз зарарсыздандыру жұмыстарына жүзден астам адам мен мамандандырылған техниканың 12 бірлігін жұмылдырдық. Мұндай шараларды жоспарға сәйкес аптасына 2 рет өткіземіз», – дейді дезинфекциялаушы Қуаныш Танкеев.

Оның айтуына қарағанда, нысандарды зарарсыздандыру үшін пайдаланылатын химиялық құралдың қоршаған ортаға зияны жоқ, экологиялық нормаларға да сай.

Еске салайық, «Рамада Плаза» қонақ үй кешенінде қазіргі таңда 800 орынға лайықталған карантиндік стационар құрылған. Мұнда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастармен қарым-қатынаста болған азаматтар 14 күндік карантинде жатыр.

Алайда бұл пациенттерден алынған анализдер вирустың жоқтығын көрсетті. Олардың жағдайы дәрігелердің жіті бақылауында. Жалпылай алғанда, қаладағы зарарсыздандыру шараларына күн сайын 450-ге жуық адам қатысады.

Бұл жұмыстарға қалалық қызметтерден бөлек, Қазақстанның Қарулы күштері биологиялық қорғаныс бөлімдерінің әскери қызметкерлері жұмылдырылады.

Тазалық жұмыстарын жүргізу барысында әлеуметтік нысандар, базарлар, супермаркеттер, жаяу жүргіншілер арналған жолдар, аулалар, балаларға арналған ойын алаңдары, үйлердің кіреберістері сияқты адамдар көп жиналатын жерлерге ерекше көңіл бөлінеді.